Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кәсіпкрелерге көмек көрсетілді

Қазақстандықтар «ҚазАгро-ға» көбінесе құсфабрикаларын, жылыжай мен сүт фермаларын қаржыландыру үшін жүгінген. Ауыл шаруашылығының негізгі драйвері – «ҚазАгро» холдингі арқылы қаржыландырылған жоғары технологиялық жобалар болып табылады, — деп «ҚазАгро» холдингінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

«ҚазАгро» Басқарушы холдингі 2007 жылдан бері қосылған құны жоғары болатын жобаларды қаржыландырумен айналысады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық холдинг портфелінде жалпы құны 524 млрд теңгені құрайтын 702 жоба бар. Оның 600 жобасы табысты жұмыс істеуде, ал қалғандары іске қосылу сатысында.

2018 жылы Холдинг қаржыландырған инвестициялық жобалар арқылы 222 млрд теңгеге өнімдер шығарылды, сонымен қатар 19 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

«Инвестициялық жобалар жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді, олар 2,2 млн. теңгені құрайды. Бұл ортасалалық көрсеткіштен жоғары, себебі жалпы ауылшаруашылығында бұл көрсеткіш бір жұмыскерге 1,9 млн. теңгеден аспайды. Жоғары технологиялық жобалармен жұмыс істеу біз үшін өте маңызды. Экспорттық әлеуетті жақсартумен қатар жобалар мультипликативті әсерді де көбірек береді» — деп «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев атап өтті.