Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Құнды жәдігерлер мұражайда сақталмақ

Қамысты аудандық полиция бөлімінде Қазақстан ішкі істер органдарының құрылу кезеңінен бергі сирек экспонаттар жинақталған музей ашылды. Оған аудан әкімі Ғазиз Бекмұхамедов пен «Алтынсарин» ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев арнайы қатысты.

Ал мұражайды алғаш тамашалағандар – Қамысты орта мектебінің 11 сынып оқушылары. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары қолданыста болған «Миг» телефон коммтаторы, отыз жыл бойы қылмыс болған орынды түсіруге қолданған «Зенит» фотоаппараты келушілерді қызықтырмай қойған жоқ. Ал тәртіп сақшыларының жетістіктерін баяндайтын спорт саласының жәдігерлері музейдің бір бұрышын алып жатыр.