Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАРТУ

Белгілі ғалым, ұстаз, қоғам белсендісі  Қалқаман Жақып  жуырда ғана Тілдерді дамыту басқармасы өткізген «Тіл – алтын қазына» байқауының жеңімпазы атанып, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолынан 1 млн теңге ақшалай сыйлық алған еді. Атымтай азаматалған сыйлығының бір бөлігін туған жеріндегі Тілдерді дамыту орталығынатарту етті, деп хабарлайды «Қостанай таңы»

Кіндік қаны тамған Меңдіқараға арнайы барған тіл жанашырын аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков қабылдап, рахметін айтып, алғыс хат табыс етті. Одан кейін Қалқаман Хасенұлы аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушыларымен кездесті. 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл орталықта бүгінде 8 қазақ тілінің, 1 ағылшын тілінің мұғалімі жұмыс істейді. Олар негізінен мемлекеттік қызметкерлерді оқытады.