Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Орылған астық – 665 мың тонна

Облыста күзгі жиын-терім жұмыстары бітуге жақын қалды. Бүгінге дейін 665 мың тонна астық бастырылды. Соңғы ақпаратқ бойынша, 5 аудан орақ науқанын аяқтаған.

«Олардың қатарында Қарасу, Ұзынкөл және тағы үш аудан бар. Оңтүстіктегі өнімділік теріскейдегі өңірлерге қарағанда төмен. Гектарына 2 мен 3,5 центнер айналасында. Атап айтқанда, Б.Майлин ауданындағы орташа шығым – гектарына 4 центнер, Жангелдинде – 3, Науырзымда – шамамен 2 центнер», — дейді облыстақ Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім жетекшісі Есімжан Баймақанов.

Солтүстік аймақтардағы көрсеткіш – гектарына 10 мен 13,5 центнерден келеді. Ал бидай сапасына келер болсақ, оған жауын-шашынның кері әсері тиді. Салдарынан астықтың жартысына жуығы 5 класқа бағаланып отыр және оны жем-шөп ретінде ғана пайдалануға болады.