Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Экономика еселеп дамыды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстық қоғамдық кеңес аллдында есеп беру жиынын өткізді. Ол 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына шолу жасап, осы жылға құрылған жоспарлармен таныстырды.

Өткен жылы өңір экономикасында айтарлықтай өсім болды. Облыстың өнеркәсіп орындары 1 196,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Машина жасау 2 есеге артып, 25,8 мың дана автокөлік шығарылған. Осы жылы 30,0 мың бірлік өндіру жоспарлануда. Соңғы бес жылда 41,3 млрд теңгеге 15 жоба іске қосылып, 1,4 мың жұмысч орны ашылған. Ауыл шаруашылығы шығарылымы 391 млрд теңгеге тең болды. Табиғи қолайсыздықтың зардабына қарамастан, облыс 356,2 млн АҚШ доллардың өнімін экспорттаған. Аймақ әкімі іске асырылмақ ірі жобаларға тоқталды.

» Қазіргі уақытта облыста 1,5 трлн теңгенің 37 жобасын құру пысықталуда. Бұл 7 мың адамды жұмыспен қамтымақ. Осы жобалардың ішінен 2020 жылы сомасы 37,6 млрд теңге болатын 7 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, Индустриялық аймақ аумағында ресейлік «КамАЗ» компаниясымен бірлесіп, екі зауыттың құрылысына кірісу жоспарлануда. Мұнымен қоса, «Bio Grain» ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ірі кешен құрылысын жобалауда»,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, 2020 жылы ауылдарды сумен жабдықтаудың 24 жобасына 7,2 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы жылдың басында облыстың газбен қамтылған тұрғындарының үлесі 56% болды. Биыл бұл мақсатта тағы 3 млрд теңге бөлінеді. Жол жөндеуге 43,7 млрд теңге бағытталмақ. Денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржы биыл 20%-ке артып, 63,3 млрд теңгеге жетіп отыр. Білім беру саласына құйылатын 2,9 млрд теңгеге 15 нысан жөнделмек. Облыс әкімі осы және өзге де салаларға қатысты маңызды жоспарларға халық алдындағы есеп беру жиынында кеңірек тоқталатынын айтты.