Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кеншілер қаласы кемелденбек

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов 2019 жылда атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп берді. ЖиынғаҚостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмағамбетов, мемлекеттік мекеме-ұйым басшылары, халық қалаулылары, бизнес өкілдері мен қала тұрғындары қатысты,деп хабарлайды «Қостанай таңы».

Осыған дейін халықпен екі мәрте жүздесіп, негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді толық баяндаған әкім бұл жолы есепті қысқа қайырды. Әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге тоқталып, биылға жоспарланған жұмыстарды жіпке тізіп берді. Былтыршаһардағы жұмыспен қамту шаралары 2934 адамды қамтыды: тұрақты жұмыс орындарына – 1751, қоғамдық жұмыстарға – 354, әлеуметтік жұмыстарға –174, жастар практикасына –71 түлек орналастырылды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2883 адамға, тұрғын үй көмегі 710 отбасыға, әлеуметтік көмек 2239 адамға берілді.

Өткен жылы Қашар, Перцев елді мекендерін қосқанда Рудный аумағында балаларға арналған 20 ойын және спорттық алаңдары пайдалануға берілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жалпы құны 1 млрд 435 мың теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша 188,4 млн теңгенің 19 шағын несиесі және 23,4 млн теңгенің 3 кепілдемелі несиесі берілді. Осының арқасында кәсіпкерлер жаңадан 146 жұмыс орнын ашты. Бақытжан Темірұлы ағымдағы жылы мемлекеттік органдардың қызметі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын атап өтті. Осы орайда үш басымдықты бөліп жарып көрсетуге болады.