Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Спортта серпін бар

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиынында спорт саласындағы 2019 жылдың басты жетістіктері туралы айтты.

Облыс әкімінің айтуынша, 2019 жылы өңірде спорт инфрақұрылымына қомақты қаржы бөлінді. 2,5 мыңға жуық спорт нысанының арқасында жаппай спортпен айналысатын халықтың үлесі 31,6%-ға жетті. Жалпы 30 спорт алаңы, оның ішінде ауылдық жерде 12 жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

«Облыс спорты айтулы жаңалықтарға толы болды. Рудный қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша инвесторлардың бастамасымен «Футзал Арена» фитнес орталығының құрылысы басталды. Облыс орталығында 1 000 көрермен орнына арналған «Қостанай» спорт кешені және 3 000 көрермен орнына арналған «Тобыл Арена» футбол манежі салынды. 2 500 көрерменге арналған Мұз спорт сарайы және 50 метрлік бассейн ашылады. Бокс мектебі ғимаратының құрылысы басталды. Сонымен қатар шаңғы базасы пайдалануға беріледі. Қостанайдың «Аят» шағын футбол клубы алғашқы рет UEFA Чемпиондар лигасына қатысты. Қазақстан үшін бірегей спорт нысаны – «TobylArena» манежінің ашылуы жылдың ерекше спорт жаңалығына айналды. 3000 көрермен сиятын арена Қазақстан чемпионатының матчын өткізді», — деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов есеп беру кездесуінде.

2019 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қабыл Тұрсынай Қазақстан тарихында алғашқы рет пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Спортшылар түрлі дәрежедегі 71 медаль жеңіп алып, әлемдік аренада бірнеше рет үздік атанды.

Жеңіл атлетика ардагері, алты дүркін әлем чемпионы және рекордшысы Сергей Поликарпов Малайзияда «алтынға» қол жеткізсе, ал Тамерлан Шадукаев Мажарстанда грек-рим күресінен Әлем чемпионатында «қола» жүлдені иеленді.