Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жеңіс эстафетасы Қостанайда

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың және ҚР Ұлттық гвардиясының бастамасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз — Жеңістің мұрагеріміз!» атты республикалық эстафетасы Қостанай облысына келді.

Эстафета ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің 2018 жылғы 28 қыркүйекте  Душанбе қаласында өткен Жеңістің 75 жылдығын дайындау және мерекелеу бойынша іс-шаралар шеңберінде бекітілген.

Қостанайда салтанатты Ақтөбе қаласының түрде 6655 әскери бөлімінің өкілдері Кеңес Одағының Батыры Иван Васильевич Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлім командирінің міндетін атқарушы подполковник Ғалымжан Кибаевқа тапсырды. Осы іс-шараның құрметіне салтанатты шеру ұйымдастырылып, ардагерлер мен қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Қанат Беляков атап өткендей, эстафета республикалық маңызы бар 3 қалада, 14 облыс орталығында және жергілікті маңызы бар жеті қаланы аралап өтеді. — Эстафета 5 ақпанда басталды. Эстафетаның атрибуты 8-ші гвардиялық мотоатқыштар Қызыл Тулы орденді Суворов дивизиясының Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И. В. Панфиловтың көшірмесі болып табылады. Олар Мәскеуден Берлинге дейін жауынгерлік жол келді. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір отбасында әлі күнге дейін сол соғыстың қанды ізі қалатынын атап өтті. Соғыс кезінде қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету біздің ортақ парызымыз, – деді Қанат Беляков.