Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тегін маска таратылды

Қостанай облысы Полция депаратментінің қызметкерлері бірнеше сағат ішінде қала тұрғындарына 1000-нан астам маска үлестірді.

Полиция қызметкерлері қаланың қақ ортасында әл-Фараби көшесінде орналасқан Сити-орталықта қала тұрғындарына тегін маска таратты.

— Коронавирустың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындарға маскаларды тегін тарату акциясын өткізді. Көшеде өтіп бара жатқан адамдарға 1000 маска таратылды. Қазіргі уақытта Қостанай облысында коронавирусты жұқтырған адам жоқ, дегенмен облысты инфекциядан қорғап, азаматтарды қауіпсіздікте сақтағымыз келеді,-дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Виталий Цой.

Бүгінгі күні дәріханаларда маска жоқ. Сол себепті Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маскамен қамтамасыз етуді тапсырды және оларды көшелерде таратуды талап етті. Мемлекет басшысы тұрғындарды үнемі маска киіп, антисептиктерді үнемі пайдаланып, карантиндік режимді сақтауға шақырды.

— Ертең арнайы техниканың көмегімен қоғамдық орындар мен көшелердің дизентериясы жүзеге асырылады. Осылайша, вирустың алдын алу үшін барлық қажетті жұмыстар жасалады. Сондай-ақ, карантин кезеңінде азаматтар да мемлекеттің нұсқауларына сйүеніп, ТЖ режимін сақтауы қажет. Маска киіп, қолды жиі жуып және үйде қалу керек, — дейді полиция майоры В. Цой.

Маскасыз жүргендердің бәріне қорғаныс шүберегі үлестірілід, әсіресе саябақта жүрген қарт адамдарға таратылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тұрғындарға карантин кезіндегі тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Қала тұрғындары полиция тарапынан көрсетілген көмекке риза.

— Біз осындай қиын кезеңде полицейлер көмектесіп, қорғағандары үшін ризамыз. Мемлекеттің өз азаматтарына қамқорлық жасағанына рахмет,-деп атап өтті қала тұрғыны Галина Голуб.

— Күн сайын жұқтырғандар саны артып келеді, әрине қорқамыз. Балаларымды үйде қалдырып, қолдарын жууын қадағалаймын. Қазір дәріханаларда маскалар жоқ. Тәртіп сақшыларына үлкен рахмет,-дейді Надежда Козлова.

Полиция департаменті қала тұрғындарын карантин кезінде ұйымшылдық танытып және мұқтажға көмектесуге шақыра отырып, осындай акцияларды мүмкіндігінше қайталауды жоспарлап отыр.