Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бассейн құрылысы басталды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласыболмайды» – деп туған жердің қасиетін ерекше бағалайды.

Сондай азаматтардың бірі – ҚазҚСР еңбегін сіңірген құрылысшы, белгілі меценат. ҚР Президентінің құрмет дипломымен марапатталған, «Алтын адам» номинациясының екі мәрте иегері, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті Сапар Ысқақов.

Балалық шаттығы мен қуанышы естелік болып қалған туған жеріне тұңғыш рет өзі басшылық етіп отырған «Тілеп» қайырымдылық қорының атынан қаржы бөліп,аудан тұрғындары үшін тың жаңалық болған бессейн ғимаратын тұрғызбақшы.

Бүгінде Б.Майлин көшесінде атаулы ғимараттың құрылысы басталып та кетті. «Костанайпроект» ЖШС құрылыс ұйымының сызбасы негізінде қолға алынған жобаның жалпы көлемі 0,16 га құрайды. Құрылыс жұмыстарын жасап жатқан мердігер компания «Костанай ангар строй» ЖШС. Қолға алынған жобаның ойдағыдай өтуі мен жасалу барысын баса назарына алған Амангелді ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Нұрлан Қойшығұлов құрылыс биыл аяқталуы тиіс дейді.

-Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізетін бассейн аудан арайын да аша түспек. Құрылыс барысында жиырмаға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Осылайша, жұмыссыздық мәселесі де шешімін тауып отыр,-дейді Амангелді ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Нұрлан Қойшығұлов.