Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қажетті құралдар қоры артты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірде жеке қорғаныс құралдарының екі айлық қоры дайын екенін мәлім етті.

«Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін облыста барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Облыста жұқтырудың 2 354 жағдайы тіркелген. Оның 1 176-сы симптомсыз, 6 адам қайтыс болды. 1480 адам немесе 63% жазылды. Бір апта ішінде сырқаттанушылықтың өсуі 2,6% құрады», — деді Архимед Мұхамбетов Үкімет отырысында.

Әкімнің айтуынша, емханалар жанында үйінде емделушілерге медициналық көмек көрсететін 160 мобильді әмбебап бригада құрылған. Бюджеттен тыс қаражат есебінен Қостанай қаласының емханалары жанындағы мобильді бригадалардың қызметкерлері 12 такси автомобилімен қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта жеке қорғаныш құралдарының қалдығы 64 мың бір реттік костюмді, 4 мың көп реттік костюмді, 80 мың масканы, 200 мың қолғапты құрайды. Бұл 2 айдан астам мерзімге жеке қорғаныс құралдарының қорын қамтамасыз етеді. 2021 жылдың ақпанына дейін облыстық бюджет қаражаты есебінен жеке қорғаныс құралдарын қосымша сатып алу жоспарлануда», — деді ол.

Коронавирус инфекциямен күресте алғы шепте жүрген қостанайлық дәрігерлерді ынталандыру мақсатында 1,2 млрд теңге көлемінде қосымша төлем жасалды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Үкімет отырысында мәлімдеді.

 Короновируспен күрес бойынша қабылданған шаралар туралы айта келе, А.Мұхамбетов колл-орталықтардың жұмысын күшейтуді атап өтті.

«Емханада пациенттерге үйде медициналық көмек көрсету үшін 160 мобильді әмбебап бригада құрылды. Бюджеттен тыс қаражат есебінен Қостанай қаласындағы емханалардағы мобильді топтардың жұмысшылары 12 такси көлігімен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта жеке қорғаныс құралдарының балансы 64 мың бір рет қолданылатын арнайы киімдер, 4 мың рет қолданылатын, 80 мың маска, 200 мың қолғап, бұл екі айдан астам мерзімге жеке қорғаныс құралдарын жеткізуді қамтамасыз етеді. Келесі қорғаныс құралдарын қосымша сатып алу келесі жылдың ақпан айына дейін жоспарланған », — деді А. Мұхамбетов.

Сондай-ақ, Қостанай облысында дәрілерді қымбатқа сатқан дәріханаларға 3 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Департамент мамандары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, облыс дәріханаларына мониторинг жүргізуде. Басты мақсат – дәрі-дәрмек бағасының өсуіне жол бермеу.

Бүгін облыс орталығындағы 115 дәріхана тексеріліп, 24 түрлі сипаттағы заңбұзушылық анықталды.

«Облыс орталығында бағаны белгіленген нормадан жоғары көтеретін дәріханалар анықталды. Атап айтқанда, «Лен Фарм» ЖШС «Фильтрум» дәрісін 1300 теңгеге сатқан, осы препараттың шекті бағасы – 1036 теңге, «Қожахметова» жеке кәсіпкерлігі 583 теңге тұратын «Новиган» дәрісін 780 теңгеге сатқан. Сонымен қатар «Жусупова» кәсіпкерлігі де белгіленген ережені бұзды. «Ингавирин» дәрісін 6000 теңгеге сатқан, алайда препараттың шекті бағасы – 5640 теңге. Осындай заңбұзушылықтар Арқалық, Рудный, Денисов, Ұзынкөл, Б. Майлин, Әулиекөл аудандарының дәріханаларында анықталды», — дейді департамент директорының орынбасары Сауле Ержанова.

Қазіргі уақытта өндіріске әкімшілік құқық бұзушылық туралы 24 материал түскен. Олардың 20-сы қаралып, дәріханаларға айыппұл салынды. Бүгінгі жағдай бойынша айыппұл сомасы 3201645 теңгені құрайды. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.