Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Көрсетілетін қызмет аясы кеңеймек

Биыл электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны айтарлықтай өскен. Енді өңірлік ведомстволар онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалауы тиіс. Бұл үшін жақын арада тәуелсіз компания облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің жұмысына талдау жасайды. Электронды қызметтердің нақты көрсеткіштері туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев баяндады.

Пандемия басталғалы және карантин енгізілгеннен бері Қостанай облысында мемлекеттік қызметтерге электронды түрде сұраныс өскен. Егер бұл көрсеткішті өткен жылғы деректермен салыстыратын болсақ, онда сандар 19 пайызға жоғарлағанын көруге болады. 2020 жылдың басынан бастап аймақ тұрғындары 4 миллион 700 мың мемлекеттік қызметті алу үшін электронды жүйені пайдаланған. Бірақ қарапайым қағаз түрінде 500 мың қызмет көрсетілген.

Атқарушы билік өңірде адамдармен жұмыс істеудің онлайн форматтарының көрсеткіштерін төмендетуге ниетті емес. Жақын арада электронды нысанда тағы да бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетіле бастайды. Бұл жолы жер қатынастары саласы сайттардағы қол жетімді операциялар тізіміне қосылмақ.

«Жер қатынастары және сәулет саласындағы автоматтандырылған қызметтердің санын арттыру үшін құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен соңғы 2 жылда облыстық геоақпараттық портал құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта геопортал тәжірибелік пайдалануда жұмыс істейді, ағымдағы жылдың желтоқсан айында оны жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялау жоспарлануда. Алдағы уақытта өнеркәсіптік пайдалануға беру күтілуде», — деді Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев.

Бірақ электрондық форматты кеңейту проблемалар мен заң бұзушылықтардан қорғауға кепілдік бермейді. Жыл басынан бері ішкі бақылау қызметі 241 тексеру жүргізді. Нәтижесінде 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Заң талаптарын бұзудың 2237 жағдайы анықталды. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша жұмыста анықталған кемшіліктерді жою бойынша 810 ұсыным жолданды, олардың 560-ы бүгінгі күні орындалды», — деді Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев.

Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін болашақта бірнеше талдау жүргізу жоспарланып отыр. Біріншіден, олар мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты. Екіншіден, қала және аудан әкімдіктерінің жұмысына талдау жасалады. Жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтердің сапасы туралы деректерді жинау Қарағанды тәуелсіз консалтингтік компаниясы болады.

Қостанай облысының тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына былтырмен салыстырғанда екі есе көп жүгінген. Мұның бір себебі карантин режимі болса, екіншісі – электронды цифрлы қолтаңбаның қолжетімділігі.

2020 жылы ЭЦҚ арқылы бірнеше миллион қызмет көрсетілген. Электронды қызметтердің нақты көрсеткіштері туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде сөз етілді. Облыс әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиевтің айтуынша, өткен 9 айда облыстың жергілікті атқарушы органдары 5 млн-ға жуық қызмет көрсеткен.

– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында барлық реформалардың, соның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы реформалардың базалық элементі ретінде цифрландыруға назар аударды. Президент мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде биометрия тетіктерін енгізу, азаматтармен қарым-қатынас кезінде қағазсыз құжат айналымын және ретсіз анықтамаларды алып тастау, цифрландыру жүйесін арттыру жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Облыста мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, оларды автоматтандыру, халықты «Электронды үкімет» порталының мүмкіндіктерімен таныстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Елде төтенше жағдайдың енгізілуі және одан кейінгі карантиндік шаралар электрондық қызметтерге сұраныстың жоғарылауына ықпал етті. Электронды 4 млн 700 мың қызмет көрсетілді. Мемлекеттік органда 480 мың (9%) қызмет, Мемлекеттік корпорация арқылы 51 мыңнан (1%) астам қызмет ұсынылды, — дейді Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев.

Иә, қағазбастылықтың зардабы туралы аз айтылған жоқ. Тұрғындар ХҚО-лардағы ұзын-сонар кезекке шағым айтып, бір жұмысын бітіру үшін қырғын қағаз толтыратынын жиі сөз етеді. Қолынан қаламын тастамайтын мектептегі мұғалімнің жағдайы белгілі. Дөп келгенде көп мекеменің көңілі құлазып, көпке ақтарар мұңы осы бір қағазбастылық турасында тоқайласады. Тіпті бұл мәселемен күрес мемлекеттік деңгейге көтеріліп, түрлі жұмыстар да атқарылды. Цифрлы саланың мамандарына сөзіне сенсек, қағазбастылықпен күрес кешенді түрде іске асады. Бағдарлама барлық саланы қамтиды. Соның ішінде жер қатынастары және сәулет саласы бар.

– Автоматтандырылған қызметтердің санын арттыру үшін құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы облыстық геоақпараттық портал құрды. Қазіргі уақытта геопортал пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, тек желтоқсан айында оны жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялау жоспарлануда. Кейін ол толық пайдалануға беріледі, — деді Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі енгізіліп, ХҚКО-лардың жұмысы тоқтаған уақытта әр өңірде Мемлекеттік қызметтер көрсетудің үйлестіру Штабтары құрылды. Бұл штаб әлі де жұмыс істеп тұр. Оның құрамында аудандық және қалалық ХҚКО бөлімдерінің өкілдері, қызмет көрсетуші органдардың басшылары, «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі органдардың өкілдері бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында «Saqbol» мобильді қосымшасын ұсынғанын айта кеткен жөн.

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 сырқаттанған азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді. Басқа құрылғылармен өзара іс-қимыл жазбаларын сақтау үлгісі шифрланған болады. «Saqbol» қосымшасын қолдануға, біріншіден смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді. Бағдат Мусиннің айтуынша, қосымша азаматтарды жұқтыру қаупі бар туралы уақтылы хабардар етуге және инфекцияның таралуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

«Барлық қазақстандықтарды осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Осылайша, індет ошақтарын барынша оқшаулап, Covid-19-ның таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректер қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық. Бұл қосымша пайдаланушылардың басым түрде жасырын болуын қамтамасыз етеді», — деп түсіндірді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

«Қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған. Оны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды және жібермейді. Хабарландыруды іске қосқан кезде, бағдарлама автоматты және жасырын түрде бұл туралы басқа пайдаланушыларға хабарлайды. Осылайша, айтулы қосымша азаматтардың сақтығын арттыруға және жұқтырған адамдармен байланысы туралы уақытылы хабардар етуге көмектеседі», — деп толықтырды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан әрі іс-қимылдары туралы ұсынымдарымен таныса алады. Бұдан басқа, пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында қосымшаға өзін-өзі анықтаудың COVID-19, i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сондай-ақ Қазақстан бойынша COVID-19 өзекті статистикасы сияқты сервистер біріктірілген. «Saqbol» қосымшасын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әзірлеген деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.