Қостанай облыстық Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры үшін биылғы жыл жемісті болды. Театр ұжымы екі мәрте шетелге гострольдік сапармен барып қайтты. Бірінші сапар Өзбекстандағы – Қазақстан жылы аясында орын алса, екіншісі жақын арада ғана Монғолияның Баян-Өлгей аймағынан оралды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен жиында Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Мауданов баяндап берді.
Театр ұжымының айтуынша, шет ел сахнасындағы қойылымдардың жауапкершілігі ерекше. Сырт көз сыншы келеді деген бар, өзге жұрттың алдында өнер көрсету әртіс үшін нақ сыналар шақ болса керек.
–Өздеріңіз білесіздер театр ұжымы Өзбекстандағы – Қазақстан жылы аясында биылғы маусым айында Ташкент шаһарына барып келген болатын. Осы жолғы сапарымыз Монғолияға түсті. Баян-Өлгей қаласында шілде айында екі бірдей қойылым ұсындық. Айта кететін дүние, онда «Ботақара-Шешенбике» қойылымының алғаш рет тұсауы кесілді. Қойылым 17-18 ғасырлардағы қазақ-жоңғар арасындағы шайқас баяндалды. Негізгі қойылымның атыс-шабысқа ғана емес татулыққа, бірлікке үндейді. Қойылымның авторы Баян-Өлгейлік Әскерхан Ақтай бауырымыз. Ал, қоюшы режиссер театрымыздың көркемдік жетекшісі Әлия Баймахан,-дейді Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Мауданов.
Ботақара өмірде болған адам. Кезінде Жоңғар шапқыншылығынан Балқаш өңірін қорғап қалған батыр. Ботақара атында қазір тау бар. Ботақара және Шешен бике атты қырғыздың қызы екеуінің басты мақсаты қазақ-қалмақты біріктіріп жаугершілікті жойып, бітімгершілік орнатып, сыртқы жауларға тойтарыс беруді көздеген. Осы бағытта негізгі қойылымның сипаты тек қана соғыс атыс-шабыс қырғын емес, татулыққа бірлікке достыққа үндейтіндігін көрсеткен.
Суреттер театр ұжымынан алынды.