Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Достық мерекесі

23 августа 2019 16:00 • 523 просмотров

Қостанай облысының делегациясы Челябі облысында өткен «Туған жер» атты VI аймақтық  мерекеде Қазақстанның  атынан өнер көрсетті.

Верхнеуральск қаласында өткен фестивальге қазақ халқының киіз үйін өздерімен бірге алып барған  облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық үйінің өкілдері жергілікті тұрғындарды және мереке қонақтарын ұлттық  дәстүрлермен таныстырды.

«Біздің басты мақсатымыз – атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық мұраларымызды, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды насихаттап, қазақ халқының болмысын таныту. Біз ұлттық нақыштағы әсем бұйымдарды қолдана отырып, керемет көрме ұйымдастырып, отандастарымызға туған жердің ыстық сәлемін жеткіздік», — дейді облыстық Достық үйінің басшысы Қаламқас Нұрахметқызы.

Іс-шараға Челябі, Қорған және Свердлов облыстарында тұратын қазақтар жиналды, Башқұртстаннан және Мәскеуден қонақтар келді. Фестиваль аясында ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, көрмелер мен қызықты байқаулар өткізілді. Іс-шара қатысушылары «Ең жақсы аула», «Ең әдемі киіз үй», «Үздік шебер» және «Өнерлі әже» номинациялары бойынша бақ сынасты.