Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сандық жүйе – сапа кепілі

23 августа 2019 12:00 • 530 просмотров

Қостанай облысында халыққа қызмет көрсететін 24 фронт-кеңсе орталығы жұмыс істейді. Олардың қатарында Мамандандырылған ХҚКО мен Көші-қон қызметінің орталығы бар. Бүгіндері халық игілігіне жарап тұрған мекемелердің жай-күйі жайы облыстық мәслихаттың мәжілісінде айтылды.

Азаматтарға арналған үкімет ашылғалы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны 530-дан 634-ке дейін өсті (бұл саны реестрде тіркелген 742 қызметтің 85 пайызы). Оның ішінде 531 қызмет (71%) электрондық форматқа, яғни, автоматты тәртіпке көшірілген. Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың аяғына дейін оның үлесі 80%, ал 2020 жылдың соңында 9% болмақ. Осы және өңіріміздегі мемлекеттік қызмет түрін цифрландыруды одан әрі жетілдіру тақырыбы бүгінгі облыстық мәслихаттың кезекті мәжілісінде айтылды.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметті автоматтандыру және оңтайландыру жағынан күнделікті жұмыс істеп келеді. Мемлекеттік корпорация қызмет еткен 3 жыл ішінде жүздеген мемлекеттік қызмет оңтайланып, 117 қызмет толығымен реестрден алынып тасталған. Тұрғындарға қолжетімді әрі оңтайлы көптеген пилоттық жобалар енгізіліпті.

— Қазіргі таңда фронт-кеңсе қызметкерлері жұмысының негізгі әрі күрделі бөлігі – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. 2018 жылы осы бағытта «Цифрлық бөлім» ашылды. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Электрондық үкімет және электронды мемлекеттік қызметтер» курс семинарынан оқу бағдарламасы әзірленді. Осы жыл аралығынджа цифрлық ХҚКО сыныбында 7 мыңнан астам адам оқып, арнайы сертификаттарға ие болды. Сонымен қатар, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде облыстық әкімдікпен бірлесіп желілік кесте әзірледік. Бүгінгі таңда оқудан өткендер саны 21 мыңнан астам адамды құрап отыр. Бұл жоспардағыдан артық, яғни, азаматтардың өздігінен элетрондық қызмет алуға деген ұмтылысы артып келеді, — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ филиалының фронт-кеңсе үйлестіру басқармасының басшысы Әсел Наурызбаева.

Сондай-ақ, биыл 13 мамырда Қостанай қалалық әкімдігі жанынан мемлекеттік қызмет көрсету, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдау, сұрақтарына жауап беру кеңес беруге арналған «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі ашылған болатын. Орталық сәулет және құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, жер қатынастары, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, ветеринария, АХАТ бағыттары бойынша 9 салаға жауапты. Бұл туралы облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және авхив басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімов кеңінен баяндады.