Қостанай облысы Полиция департаментінің командасы Қарағанды қаласында өткен «Әр жүректе – туған жер!» өңірлік патриоттық әндер арт-фестивалінің I дәрежелі лауреаты атанды.
Алты облыстан келген полицейлер «Дуэт», «Трио», «Квартет» аталымдары бойынша бақ сынасты. Қостанай облысы Полиция департаменті атынан полиция капитаны Ержан Әуезбеков, полиция аға лейтенанты Аманат Кәкімжанов, полиция аға сержанты Ерлік Сұрағанов пен облыстық департаменттің мәдениет орталығының жетекшісі Бибігүл Байғожина өнер көрсетті.