Қостанайда «Аймақтық және жаһандық қауіп-қатерлер тұрғысынан Орта Азияда адам саудасына қарсы күресті күшейту мен осал мигранттарды қорғау» өңірлік жобасы ашылды. Оны Норвегия корольдігі Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Халықаралық көші-қоң ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ агенттігі жүзеге асырып отыр. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінде «Дамыту» қоғамдық қорының адам саудасы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысының жоспары шеңберінде өткізген брифингінде кеңінен әңгіме болды.
Брифингте Халықаралық көші-қоң ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ агенттігі жобасының үйлестірушісі Аниса Қуанова жобаның мән-маңызы, Қазақстанға келген мигранттардың құқығы мен міндеттері туралы айтып берді. Қазақстанға келген мигранттардың қиын жағдайға ұшырауы адамдардың құжаттарын жоғалтып алуына, жұмыс берушілердің еңбек ақысын төлемеуіне, еңбек келісімін жасамауына және адамдардың құқығын аяққа басуына байлансты болады. Осы орайда құқықтық, еңбек қатынастарды реттеуді аталған халықаралық ұйым жергілікті Полиция департаменті және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру секілді мемлекеттік органдармен бірлесіп шешеді.
Қостанай облысындағы көші-қоң қозғалысының күшеюі облыстың этникалық картасының өзгеруімен, адамдардың ТМД елдеріне көшуі секілді үдерістермен және ішкі көші-қоңның тоқтамауымен де тығыз байланысты.