Биыл Еуразиялық Топ компаниясы өзінің 25 жылдығын тойламақ. Осыған орай кеншілер, шахтерлар, металлургтар мен энергетиктердің арасында таланттардың анықтайтын дәстүрлі «Шеберлер елі» байқауының форматы өзгерді: топ кәсіпорындары орналасқан Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында желтоқсан айында сахналанатын мерейтойлық мюзиклге қатысушыларды іріктеу ұйымдастырылды.
– Ауқымды мюзикл ERG-дің танымал кейіпкері Ержігіт жайлы болмақ. Топтық нөмірлер, оркестр, ән мен бидің кәсіби деңгейде орындалуы үшін арнайы мамандарды шақырдық. Біз үшін басты құндылық – адам, оның өмірі, еңбегі мен өнері. Сол себепті 8 жыл қатарынан «Шеберлер елінде» таланттардың жұлдызын жағып, қызметкерлеріміздің жан-жақты ынталандырып келеміз, – дейді Еуразиялық Топтың корпоративтік коммуникациялар департаментінің өкілі Анара Саурбекова.
«ССКӨБ» АҚ атынан биыл дарындылар додасына 13 үміткер өз бағын сынап көрді. Олардың жасы, еңбек өтілі мен мамандықтары әр түрлі болғанымен көздегені бір – мюзиклде басты кейіпкердің рөлін сомдау.