Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа бағытқа бет бұрыс

30 августа 2019 13:00 • 535 просмотров

Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылының басталар шағында республикалық тамыз кеңесінде педогогикалық қауыммен кездесіп, келе жатқан білім күнімен шын жүректен құттықтағаны қуантарлық жағдай.

Президентіміз білім саласын ешқашан назарынан тыс қалдырған емес. Білім саласына қатысты мәселелерге көңіл бөлінгені айрықша қанаттандырады. Жаңа оқу жылы қарсаңында алдымызға кезекті міндеттер қойды: 4, 9, 10 сыныптарды жаңартылған мектеп бағдарламасына көшіру, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен басталған үштілділік саясаты салиқалы және ата-аналардың тілектерін ескере отырып, ары қарай дамыту, ұстаздарға үздіксіз білімдерін жетілдіру арқылы оқу-үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу. Әсіресе, ұстазы жақсының ұстанымы жақсы дей отырып, мұғалімдердің еңбегін жоғары, лайықты бағалау жөнінде сөз қозғағаны барлық ұстаздарды қатты қуантты.

Әлия Ахметқалиева, Қостанай ауданы әкімдігінің «Білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.