«Мектепке жол» акциясы аясында Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері материалдық қолдауға мұқтаж көп балалы отбасыларға көмек көрсетеді.
Бүгінгі күні бұл акция облыстың барлық аумағында басталды. Полиция қызметкерлері 32 отбасына балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетті. Акция әлі де жалғасуда.
Жаңа оқу жылы қарсаңында полицейлер оқушыларға сөмкелер, кеңсе тауарлары, мектеп және спорттық киімдер, спорттық құрал-жабдықтар сыйлады. Әйелдер кеңесінің төрайымы полиция подполковнигі Гүлмира Жанабекованың айтуынша, шараға тәртіп сақшылары тегіс қатысуда. Облыс аудандарында да осындай жұмыстар жүргізілуде.
Данил мен Кирилл Ежованы әжелері тәрбиелейді. Егіздер биыл сегізінші сыныпқа барады.