Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алғашқы сабақ – жол қауіпсіздігі

5 сентября 2019 15:00 • 661 просмотров

1 қыркүйекте облыстың барлық мектептерінде әуелі қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Өңір тәртіп сақшылары көңілді ойын және сынып сағаттары түрінде балалар мен ересектерге жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.

Іс-шара «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы аясында ел аумағында 1 қыркүйектен бастап, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы кезеңде барлық оқушылар үшін әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

— Бүгін Қостанай қаласының төменгі сынып оқушылары үшін біз «Жаяу жүргінші» акциясын өткіздік. Полиция қызметкерлерімен бірге балалар көшені дұрыс өтуді үйренді. Бұл оқушыларға қауіпсіздік дағдысын қалыптастырып, ал жүргізушілерге ережені еске салады. Жыл басынан бері облыс жолдарында балалардың қатысуымен 44 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 2 бала көз жұмып, 46-сы жарақат алды, — дейді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айгүл Бекмағамбетова.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі