Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еліміздің есіл ері

13 сентября 2019 17:30 • 677 просмотров

Тарихымыздың қаралы кезеңдерінің бірі – ол өткен ғасырда тоталитарлық мемлекетке тап болғанымыз. Жазығы жоқ жандарды жаппай қырып жою, туып-өскен жерлерінен тұтас бір халықты қуып күшпен жер аудару, Кеңес үкіметінің жүйелі ұлтшыл саясатының тағы бір көрінісі болды. Жазықсыз қуғын-сүргіндерге ұшырағандардың санына келсек – ол мыңдап саналады. Солардың бірі – қазақ әдебиетінің классигі біртуар тұлға Бейімбет Майлин.

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: «Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді», — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай.

Ажар Балтабаева, «Қостанай облыстық мемлекеттік архиві» КММ қызметкері