Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қайырымдылық марафоны

19 сентября 2019 12:30 • 541 просмотров

Демалыс күні Рудныйда салауатты өмір салтын серік еткен мыңдаған адамның басын біріктірген «ERG Run Fest» жүгіру фестивалі өтті, деп хабарлайды «Қостанай таңы» газеті.

Ауқымды шара осыдан екі жыл бұрын «ССКӨБ» АҚ бастамасымен «Рудный марафон» деген атпен ұйымдастырылған болатын. Былтыр денсаулық акциясына Еуразиялық Топ кәсіпорындары орналасқан Ақсу және Хромтау қалалары да қосылып, бір мезгілде 3000 мыңнан астам атлет 3, 5, 10 және 21 шақырым қашықтыққа жүгірді. Биыл «Горняк» жастар спорттық клубының стадионында өткен фестивальге 1800 адам қатысса, оның 500-і – балалар.

Облыстың барлық аудан-қалаларынан бөлек, Нұр-Сұлтаннан, Ақтөбеден, Қарағанды, Көкшетау, Петропавлмен қатар Ресейден келгендер баршылық. Ал ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 120 курсанты спорт мерекесінің мерейін асырды.