Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ақырғы айқас

20 сентября 2019 16:30 • 831 просмотров

Ұлы Отан соғысының отты жылдары бізден неғұрлым алыстаған сайын сол бір кезеңдегі қаһармандық күрестің ұлылығы мен маңызын жете сезінеміз. Қостанай облысының мемлекеттік архивінде Кеңес Одағының Батыры С. Темірбаевтың және т. б. ардагерлердің жеке қорлары бар.

Сейітхан ағамыз көзі тірі кезінде өз сөзімен жазып кеткен естелігінен: «Бұдан 65 жыл бұрын, 1945 жылғы 30 апрелінде фашизмнің ордасы – Берлинде Жеңіс туы желбіреді. Шабуыл батальонының барлаушылары М. Егоров пен М. Кантария, қарша борап тұрған оқты елемей, рейхстаг тұрған оқты елемей, рейхстагтың күмбезіне өрмелеп шығып, Қызыл ту тікті, жауынгерлік тапсырманы қалтқысыз жүзеге асырды.

«Кеңес жауынгерлері өз қолымен тіккен Қызыл ту рейхстаг үстінде желбірегенде,-деді Л.И.Брежнев жолдас, — мұның өзі біздің соғыстағы жеңісіміздің ғана туы болған жоқ. Мұның өзі… Октябрьдің мәңгі жасайтын туы болды; мұның өзі үміттің жарқын символы, барлық халықтардың бостандығымен бақытының символы – социализмнің жеңімпаз туы болды!»

Ажар Балтабаева, Қостанай облысы мемлекеттік архивінің қызметкері