Бағытымыз – бағдарлама жүгін көтеру

27 сентября 2019 17:30 • 553 просмотров

Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекенова мен тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытгүл Сүлейменова Қамысты ауданына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі тілдерді оқыту орталығының жай-күйімен танысты.

Облыс орталығынан келген меймандар әуелі аудан әкімі Ғазиз Бекмұхамедовтің қабылдауында болды. Тілдерді оқыту орталығының материалдық-техникалық базасымен, латын қарпіне көшу жағынан атқарылып жатқан жұмыстармен және ауылдық жерлердегі тілдерді оқыту орталығы топтарының жағдайын көріп, орталықтың жалпы жұмысына шолу жасады.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде аудандағы Тілдерді оқыту орталығы 2012 жылы жұмысын бастады. Орталықта қазақ және ағылшын тілдері оқытылады.