Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Талапқа сай теміртор

27 сентября 2019 15:00 • 522 просмотров

Құқық қорғаушылар Қостанайда салынған жаңа уақытша ұстау изоляторында болды. Іс-шараға құқық қорғаушылар мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды. Изолятор ғимараты бір жыл ішінде салынған.

Бір жыл ішінде салынған нысан әзірге республикада баламасы жоқ. Ғимаратты салуға облыстық бюджеттен 341 миллион теңге бөлінсе, оның 50 миллионы құрал-жабдық, 252 миллионы құрылыс жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Басты мердігер – «Рудныйсоколовстрой» компаниясы.

Қостанай облысыныі әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов және өңірдегі басқа да құқық қорғау органдарының басшылары изолятордың ашылуына қатысып, үш қабатты нысанды аралап көрді.  

Қостанай облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Игорь Колов та осындай ғимараттың елімізде баламасы жоқ екенін атап өтті.