Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайда кәсіп ашқан аналар көп

29 сентября 2019 15:30 • 499 просмотров

Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Горянная бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілген брифингте мәлімдеді.

«Еңбек» бағдарламасы шеңберінде берілетін шағын кредиттерге тоқталған ол, жыл басынан қыркүйек айына дейін облыста екінші деңгейлі банктерге 594 млн теңге тұратын 50 жоба ұсынылғанын айтты. Сондай-ақ, 46 жоба қаржысын алып, бүгінде жұмыс істей бастаған.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асырып келе жатқан кезең ішінде микрокредит алу жөнінен Қостанай облысы 6-орын алады. Әсіресе, әйел кәсіпкерлердің белсенділігі күшті, микрокредиттің 47 пайызына әйелдер қол жеткізген. Олардың басым көпшілігі Рудный және Арқалық қаласында тұрады.

«Соңғы жылдары әйел кәсіпкерлер арасында көп балалы аналар жиі көрініп жүр. Солардың бірі — Арқалық қаласындағы Гүлзира Сейдаханова. Ол 5 бала өсіріп отыр, қаладағы сауда ғимаратын қалпына келтіріп, «Әли» құрылыс материалдарын сататын дүкен ашты. Ол нарықты зерттей білген, тұрғындар сұранысын қанағаттандырып отыр», — деді Роза Балагерденқызы.