Қостанайда «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының көшпелі отырысы өтті. «Nur Otan» партиясы облыстық депутаттық фракциясының жетекшісі Екатерина Смышляева, мәслихат депутаттары Самат Ақышев, Ескендір Қайыбжанов, Татьяна Булгацевич Федоров ауданындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын қадағалап қайтты.
Халық қалаулылары алдымен «Qutty meken» партиялық жобасы шеңберінде Федоров ауданындағы үш қабатты үйдің құрылысын тексерді. Аталмыш нысан қараша айының соңында тапсырылады деп жоспарланған. Пәтер кілті әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне тапсырылады.
«Бұл үй 24 пәтерлі болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынады. Құрылысқа 167 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаржының 20,7 млн теңгесі жергілікті әкімдіктен алынды», — дейді құрылысшылар. Федоров ауданында «Ауыл – ел бесігі» партиялық жобасы аясында аурухана толық қалыпқа келтіріледі. Бұған қоса 5 шақырымнан астам ауылішілік жол жөнделген. Су мәселесі де біртіндеп өз шешімін табуда. Депутаттар Димитров атындағы №1 орта мектебінің жетістіктерімен танысып қайтты. Жаз мезгілінде білім ошағында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Заманауи робот техникасы кабинеті ашылып, электронды кітапхана мен жаңа кабинеттер пайда болды. «1 шілдеден бастап балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға тіркеу үрдісі