Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қарттарын қадірлеген ел өркендер

12 октября 2019 12:00 • 540 просмотров

Жангелдин ауданының Көкалат ауылында қарияларға арналған тағылымды іс-шара өтті. «Ажар» дәмханасында тұрғындарға ас беріліп, Албарбөгет орта мектебі оқушылары әзірлеген «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» атты мерекелік концерт ұсынылды.   

«Бүгінде Көкалатта зейнет жасындағы 63 адам бар. Оларға жағдай жасау әрқашан біздің назарымызда. Ауылдық округте 17 жеке шаруа қожалығы тіркелген. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытқан емес. Соның нәтижесінде елдімекенде көптеген игі істер атқарылды. Қарияларға арнап ас беру бұлжымайтын дәстүрге арналған. Жыл сайын бір іскер азамат дастархан жаяды. Биыл танымал кәсіпкер, меценат Талғат Әмірхамзин құрмет жасап отыр. Елордадан арнайы келіп, тай сойып, мағыналы мәжіліске ұйытқы болған жерлесімізге зор алғыс білдіреміз», — деп атап өтті ауыл әкімі Аманжол Торбаев.

Талғат Қорғанұлы 2011 жылы туған жерге ат басын бұрып, кәсіп ашып, 100 млн теңгедей инвестиция құйған болатын. Қазір жемісін көріп, аймаққа шапағатын тигізіп отыр. Ол жетекшілік ететін «Аянбай» шаруа қожалығында бүгінде 9 адам жұмыспен қамтылған. Мешіттің жөнделуіне, ас пен тойға жасаған қаржылай қолдауынан бөлек, биыл ауыл ішіне толықтай жарық орнатты. Қазір Көкалатта шам тартылмаған көше жоқ.   

Абылай Мауданов, суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев