Биылғы ел тағдырындағы тарихи сәттердің бірі деп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауын атауға әбден болады. Күні бүгін аталмыш Жолдау аясында ел қамына жарайтын игілікті істердің алғашқы легі басталып та кетті. Ал Қостанадайа қоғам белсенділерінің қатысуымен маңызды құжатты талқылаған үлкен мәжіліс өтті.
Облысорталығында елімізге белгіліқоғам белсенділері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің халыққа арнаған Жолдауын талқылады. «Сындарлы диалог – қазақстандық қоғамның эволюциялық дамуының негізі» тақырыбында өткен семинар-тренингке Елордадан қонақтар арнайы келді. Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаров Президент Жолдауының негізгі тетіктеріне тоқталып, пікірлерімен бөлісті.