Қазақстанда мекенжай анықтамасы жойылды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азаматтарды тіркеу туралы мәліметтерді беру ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып саналады. Жыл сайын халық құжаттарды, жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да қызметтерді алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын сұратады. Азаматтар жұмысқа, мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, банктерге және тағы басқа жерлерге орналасу кезінде үнемі ХҚКО-на, мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр болады, кезекте көп уақытын жоғалтады», — деп атап өтеді министрліктен.
Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Ішкі істер министрлігі өз деректер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірген. Бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жеңілдетті. Атап айтқанда, мекенжай анықтамаларын беру толығымен алынып тасталды. Себебі бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың базасында бар.