Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ономастика:ізденіс пен тәжірибе

25 октября 2019 17:30 • 657 просмотров

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да «Ономастика:ізденіс пен тәжірибе» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.

Осымен 3-рет өткізіліп отырған жиынға ЖОО басшылары мен ғалымдары, тіл жанашырлары, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, өлкетанушылар, облыс аудандары мен қалаларындағы Тілдерді дамыту бөлімдерінің өкілдері қатысты. Шарада биыл атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспарлар бөлісілді.

Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинованың мәліметінше, биыл 1 аудан, 7 ауыл және көшелер мен мекеме-ұйымдарды қосқанда, барлығы 135 атау өзгертілген. Келер жылы ҰОС-дағы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қостанайда Сағадат Нұрмағамбетов, Естай Есжанов сынды даңқты майдангерлердің атына көше беру, елді мекендердің тарихи атауын қайтару бағытындағы жұмыстар қолға алынбақ. Ономастика мәселесі онымен де жеңілдей қоймайды. Өйткені басқарма басшысы облыстағы 142 ауылдық округтің 42-сінің атауы, 556 ауылдың 63-нің, 6138 көшенің 602-сінің атауы идеологиялық тұрғыда ескіргендігін дерек етті.