Жаңа форматта өтіп жатқан «Жолда қабылдау» акциясы аясында Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полковник Нығмет Исмагуловқа журналистер Денсаулық сақтау министрлігінің сағат 20:00-ден 09:00-ге дейін тыныштықты бұзған үшін жаза белгілеу туралы ұсынысына түсініктеме беруге өтініш білдірді. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік әкімшілік кодекстің 437-бабында 5 АЕК айыппұл және 10 АЕК қайта бұзу түрінде 23.00-ден таңғы 6-ға дейін көзделген. Нығмет Исмагулов журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қостанай облысында жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін 1887 адам жауапқа тартылғандығын түсіндірді. Мұндай хабарламалардың көпшілігі Қостанай қаласында тіркелген –850 дерек.
— Әрине, көпшілігі заңмен белгіленген уақттан бұрын да өтініш білдіреді. Бұл жалға берілетін пәтерлердегі жағдайларға қатысты. Мұндай мәселе бар, — деп түсіндірді полиция полковнигі Нығмет Исмагулов.