Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жылу мәселесі бақылауда

25 октября 2019 10:00 • 493 просмотров

Рудныйдағы Жылуэлектр орталығының негізгі құрал-жабдықтарын жөндеуге 2014-2018 жылдары 13 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 4 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке орталықтың директоры Олег Әбілқайыров баяндады.

Биыл жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Бірнеше бу және сужылытқыш қазандықтарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда №3 стансадағы бу турбинасы мен №2 стансаның бу қазандығында қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

– Жылуды барлық мекемелер мен үйлерге уақытында қостық. Апатты жағдайлар орын алып жатқан жоқ. Көмір қоры жеткілікті. Орталық қалыпты жұмыс істеп тұр, – деді Олег Әбілқайыров.