Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тарихы терең Қарабалық

26 октября 2019 13:00 • 705 просмотров

Күні кеше ғана Қостанай облысындағы іргелі аудандардың бірі — Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары «Ауыл күнін» ауқымдыүрде атап өтті. Былтыр ғана аталмыш ауданның құрылғанына 90 жыл толған еді. Оны кең көлемде тойлағаны жұрт есінде. Биыл енді аудан орталығының құрылғанын 90 жыл толып отыр.

Қарабалық жері халықтардың қоныс аударуының зұлмат жылдарын, революцияның қилы уақытын, ұжымдастыру дәуіріндегі аштық, соғыс уақыты мен тың эпопеясының достығы мен бауырластығын еске алады. Бұл жерде елмен бірге жас және тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңін қалай бастан кешкендерін көруге болады. Себебі, теріскейдегі бұл аудан тарихтың әрбір қадамына куә болып, заманмен бірге түлеп келеді.

Ауыл тойына теріскей өңірдің тұрғындары тыңғылықты әзірленгені анық байқалады. Бұл күні аудан орталығындағы бұрынғы қаржы басқармасы болған екі қабатты үйге Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарабалық ауданында отыз жылдан артық қаржы саласында қызмет істеген Асылбек Темірхановқа ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты рәсімге аудан басшылары, қонақтар мен ауыл тұрғындары жиналды.

– Менің әкем соғыстан кейін осы Қарабалықта ұзақ жылдар бойы қызмет атқарды. Алдында салық органдарында жұмыс істеген болатын. Аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары болған еді. Қандай қызмет атқармасын ол адамгершілік тұғырынан тайған емес. Қол ашық, кең пейілді жан еді. Үйден қонақ арылмайтын. Жұмысына келіп, көмек сұраушылар да көп болатын. Ешкімнің бетін қайтармайтын. Қал-қадірінше бәріне көмектесуге тырысты. Осындай шараны ұйымдастырып отырған аудан әкімдігіне алғысымды білдіремін, – дейді соғыс ардагерінің қызы Асима Темірханова.