Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

«Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен…»

Қостанай облысында биыл мәдениет саласында қыруар игілікті шара атқарылды. Атап айтсақ, жуырда ғана Алаш арысы Бейімет Майлиннің 125 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. Енді, міне, облыс орталығымен іргелес жатқан Қостанай ауданында Алаштың айтулы қайраткері, тақтақ ақын, сері, әнші, сазгер, балуан Нұржан Наушабайұлының 160 жылдығына арналған «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен…» І Республикалық дәстүрлі ән орындаушылары байқауы және «Тақтақ ақын Нұржан Наушабайұлы» атты аймақтық айтыс өтті.

Әуелі Қостанай ауданының «Алтын дән» мәдениет үйінде өткен ғасырдағы қазақ жұртының біртуар ұлы, тақтақ ақын Нұржан Наушабайұлының құрметіне республикалық дәстүрлі әншілер байқауынан бастасақ. Екі күнге созылған өнер додасына облысымыздың аудан-қалаларынан бөлек, еліміздің Семей, Алматы, Нұр-Сұлтан, Жезқазған, Көкшетау өңірлерінен  15 үміткер қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар міндетті түрде Нұржан бабамыздың 1 әнін және халық әндері мен халық композиторларының 1 шығармасын орындау керек. Сайыскерлердің әділ бағасын беретін қазылар алқасының төрағасы – белгілі жырау, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дəстүрлі əн» кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, фольклортанушы-ғалым, «Парасат» ордені иегері Алмас Алматов. Қазылар құрамында ақын, филология ғылымдарыныңкандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, ҚРмәдениет қайраткері Ақылбек Шаяхмет, ҚР мәдениет саласының үздігі,Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның  жеке аспапта орындаушысы Батырбек Байназаров, ҚР мәдениет саласының үздігі, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның  әншісі Манапбек Қадіров, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясыдиректорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нұрзия Саржанова бар.