ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров «Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы А.Сағатовамен кездесті.
Еліміздің әр аймағында жұмыс істеп тұрған кредиттік ұйымдардың басын біріктіру мақсатында құрылған кредиттік серіктестіктер қауымдастығы құрамында бүгінде жалпы саны 124 серіктестік бар.
Кездесу барысында қауымдастық басшысы А.Сағатова кредиттік серіктестіктерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, саладағы кейбір кедергілі мәселелерді де атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров аталған мәселелер бойынша «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі АҚ басшылығына кредиттік серіктестіктер қауымдастығымен бірлесіп, көтерілген сұрақтардың шешу жолдарын ұсынуға тапсырма берді.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінде еліміздегі қой шаруашылығы саласының дамуы жайлы жиналыс өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров республикалық қой шаруашылығы палатасының және еліміздегі қой шаруашылығы саласындағы бизнес өкілдерімен кездесті.