Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сот төрелігіне сенімін арттыру және құқық үстемдігі

21 ноября 2019 12:30 • 606 просмотров

Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты өзінің бірінші Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет Басшысының аталған Жолдауы біздің еліміздің одан әрі даму бағытының негізгі векторларын айқындауына байланысты, стратегиялық маңызды құжат. Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық және әлеуметтік сұрақтармен бірге азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарына да ерекше назар аударылған.

Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы екендігін атап өткен Президент сот шешімдерінің сапасын арттыруға,  бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруды қамтамасыз етуге, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізу және одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді.

Аталған бағыттарда белгілі бір жұмыстар атқарылып та келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жыл отандық сот жүйесі дамуының маңызды кезеңі болды. Ұлт Жоспары аясында соттарды одан әрі жаңғыртудың маңызды құралы болып табылатын «Сот жүйесінің жеті түйіні» басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Тиімді судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды артық жүктемеден арылту, соттардағы жұмыстың жаңа форматтарын енгізуге бағытталған 17 заң жобалары дайындалды. Сот процестері түсінікті, қолайлы және ақылға қонымды болып, соттардың жайлылығы артты, республика соттарында қазіргі заманғы және келушілерге қолайлы фронт-офистар ашыла бастады.

Жолдыбай МЕТАЕВ, Қостанай облысы Жангелдин аудандық сотының төрағасы