Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Баға бақылауда

22 ноября 2019 15:00 • 622 просмотров

Қостанай облысында бірінші сұрыпты ұннан жасалған нанның құны 85 теңгеден асырылмайды. Бұл туралы бүгін аппарат мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті.

Өткен жаздың қолайсыз ауа райы облыстағы астық өндіру көлеміне айтарлықтай әсерін тигізген. Оның үстіне, бидай бағасы Ресей Федерациясында 15 пайызға дейін төмендеп кеткен. Нәтижесінде, тоннасына 60 мың теңгеден сатылып келген ұн бағасы бірден 30 мың теңгеге дейін өсті. Сол себепті, өңір әкімі әлеуметтік нан бағасын өсірмеу үшін қосымша қаржы бөлуді тапсырды.

«Биыл астық түсімі төмен болғанын жақсы білесіздер. Соған байланысты аймақта азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылды. Оған 882 млн теңге жұмсалды. Біз наубайханаларға бөлетін ұнды қолжетімді бағамен жинау үшін тағы 300 миллион теңге бөлдік. Бұл келер жылы қажетті өнім бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, нан бағасы 85 теңгеден аспайтын болады. Аудан-қала әкімдері осы мәселе айрықша назар салуы қажет», — деді Архимед Мұхамбетов.