Биыл ҚР Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының II кезеңі аяқталады. Оның бастапқы қорытындысына арналған кеңейтілген мәжілісте облыстық білім басқармасының бастығы Василий Цымбалюк өңірдегі атқарылған істерге тоқталды.
Облыс әкімінің айтуынша, 2016 жылдан бері мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 66,2 млрд теңге жұмсалған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99,7% -ке жеткен. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштен 4,5% -ке жоғары (республикада-95,2%).
Облыс аудандары мен қалалары арасында Рудный мен Денисов ауданында ғана осы жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен жүз пайыздық қамту мәселесі мәз емес.
«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бағытталған төрт жылда жалпы саны 2 750 орындық балабақша пайдалануға берілді. Оларға 2 200 бала орналастырылды. Саланы дамытуға бизнес-құрылымдардың ресурстары белсенді түрде тартылды. Облыстағы әрбір үшінші балабақша және мектепке дейінгі әрбір бесінші мекеме жеке меншіктің үлесіне тиесілі. 2016 жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жалпы сомасы 1 млрд теңге көлемінде 16 келісімшарт жасалған. Яғни, өңірде осынша балабақша пайдалануға берілді деген сөз. Бұл қосымша 1 858 баланы орналастырып, 200-ден астам мұғалімнің жұмысқа тұруына септігі тиді», — дейді басқарма басшысы.