Жыл соңында дейін Қостанай өңіріне Қазақстанның оңтүстік облыстарынан және өзге елдерден бір жарым мыңнан астам қандас бауырлар қоныс аударуы тиіс.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері сүйенсек, оның 595-і өзге облыстардан қоныс аударушылар, 815 оралман.
– Қоныс аудару бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері, бұл 2016 жылдан бастап біздің өңірге 1730 қоныс аударушы және 1421 оралман келді, — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова. – Біз үшін бұл, ең алдымен, еңбек нарығын толықтыру. Қостанай облысында жұмыс күшінің тапшылығы бар. Облыс бойынша, мысалы, жұмысшыларға қажеттілік жыл сайын алты мың адамды құрайды. Ең көп сұранысқа ие механизаторлар, үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері, құрылысшылар, электромонтерлер. Сондай-ақ, дәрігерлер мен мұғалімдерге мұқтажбыз. Жоғарыда аталған бағдарлама аясында бізге келгендер кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Алыстан келген ағайындар бизнесті дамытуға да қатысады. Мәселен, бүгіндері қоныс аударушы 11 адам жеке кәсібін ашып, 10 адам қайта даярлау курстарынан өтуде.
Естеріңізге сала кетейік, қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларға отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК, 12 ай ішінде тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді, қалалық жерде – 20 – дан 30 МР-ға дейін, ауылда-15-21 мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады. Оған қоса жұмысқа орналасу. Индикатор-94% төмен емес