Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Еңбегі еленген өрендер

28 ноября 2019 15:30 • 716 просмотров

Жітіқара ауданында бірнеше жыл қатарынан өңірдің ғана емес, облыстың да мәдениеті мен спорт саласының дамуына сүбелі үлес қосып, кәсіби тұрғыда жетістіктерге жетіп жүрген майталмандарды салтанатты марапаттау шарасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Айтулы шара биыл да жалғасын тауып, қос саланы дамытуға қосқан үлесі мен мінсіз еңбегі үшін бір топ үздіктер зор қошемет пен марапатқа ие болды.

Биылғы жыл жітіқаралықтар үшін көптеген ірі мерекелік концерттермен және спорттық бәсекелермен есте қалды. Сондықтан, салтанатты марапат басталмай тұрып, үлкен сахнадағы экраннан аудан абыройын асқақтатқан шараларға шолу жасалды. Одан кейін саналы ғұмырын мәдениет пен спорт саласына арнап, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлерге де сый-құрмет көрсетілді. Ал, мұнан кейін сахна төріне көтерілген аудан әкімі Абай Ибраев жиналған қауымды дәстүрлі мерекемен құттықтап, сала майталмандарына сәттілік тілеп, алғыс жаудырды.

-Ағымдағы жыл ауданымыз үшін ерекше жыл болды. Біздің сүйікті қаламыз 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Әрі бұл мерейтой “Тың-Целина-2019” спартакиадасымен тұспа-тұс келіп, қос мереке де өте жоғары деңгейде өтті. Және бір қуанышты жаңалық, биыл “Жітіқара-арена” спорт кешені іске қосылды. Біздің қаламыздың мәдениет және спорт қызметкерлері осы айтулы шараларда өздерінің биік кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, ауданымыздың тұрғындарына керемет естен кетпес мереке сыйлады. Сондықтан осы қос мерекені ерекше салтанатпен атап өтуде көп еңбек сіңірген сіздерге айтар алғысымыз зор, — деді аудан әкімі Абай Ибраев.