Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, жеке тұлғалардың 2019 жылғы көлік салығын осы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлеу қажеттігін ескертеді. Жеке тұлғалар салықты тұрақты тіркелген тұрғылықты жері бойынша төлей алады.
2019 жылғы көлік салығын есептеуді сіз ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан «Электрондық сервистер» / «Калькуляторлар» бөлімінде жасай аласыз.
Бұдан басқа, Halyk Bank және Kaspi Bank мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға 2019 жылғы көлік құралдарына салынатын салық сомасын қарау және VIN-код бойынша төлеу мүмкіндігі берілген. Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселі көлемінде өсім есептелетінін еске саламыз. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық арна арқылы алатынын атап өтеміз.
Өндірістік емес төлемдер басақармасы