Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа бағдарлама мүмкіндіктері

29 ноября 2019 12:30 • 680 просмотров

Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Үкімет 2020-2025 жылға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.

«Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың» бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы — 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі», — деді Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді, олардың санатына кіретіндер — екі күнкөріс минимумы — 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар.