Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өрттен аман алып қалды

16 декабря 2019 12:30 • 513 просмотров

Қостанайда жеке секторлардың бірінде өрт болып, үйде 3 бала қалып қойған. Алайда жедел жәрдем қызметкерлерінің арқасында бүлдіршіндер аман қалды.

Оқиға 7 желтоқсан күні облыс орталығындағы Летунов көшесінде болған. Сағат 17:10 шамасында Қостанай қаласы №3 емханасының шұғыл медициналық көмек бригадасы сол көшеде келе жатқан. Жедел жәрдем қызметінің алдынан 9 жасар қыз шыққан.

«Оның үстінде күртеше ғана болды. Әпкесі мен інісінің жанып жатқан үйде қалып қойғанын айтты. Біз бірден оқиға орнына аттандық», — дейді фельдшер Гүлнар Мұстафина.

Өртеніп жатқан үйге келген жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі Бекежан Бектасов пен фельдшер Гүлнар Мұстафина ойланбастан құтқару шараларын бастаған.Терезені сындыру арқылы, олар үй ішіндегі 11 және 6 жасар балаларды сыртқа шығарды.

Осылайша 3 баланы ажалдан арашалап қалған абзал жандарға облыстық ТЖД бастығы Талғат Кәкімов мадақтау қағазын тапсырды.