Рудный қаласының полицейлері 28 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен Денис Матвеевті кеше тауып алды. Оқушыны іздеу шаралары туралы Рудный қаласы полиция басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев айтып берді.
28 қараша күні Рудный қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын Оксана Огнева хабарласып,13 жасар ұлы Денис Матвеевтің жоғалып кеткенін айтқан. Ол мектепке шығып кетіп, содан үйіне оралмаған.
«Іздестіру операциясына 200-ден астам полиция қызметкері, ерікті және өртке қарсы қызмет өкілдері қатысты. Рудный қаласында күн сайын жаяу әскер мен автопатрульдер жұмыс істеді. Полиция қызметкерлері 2500-ден астам жеке тұрғын үй, 300-ге жуық шатырлы үйлерді тексерді. Құдықтар мен жылу трассалары қаралды. Іздестіру жұмыстарына дрон тартылды, оның көмегімен Тобыл өзенінің арнасы тексерілді», — деді Әлім Бажықбаев.
Белгілі болғандай, Денис Матвеев тәртіп сақшыларынан үнемі қашып жүрген. Сол себепті полицейлер оқушыны қызметтік киімсіз іздеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Д.Матвеев Рудный қаласындағы жақын маңдағы Юбилейный ауылынан табылды.