Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Шеберліктерін шыңдады

26 декабря 2019 16:30 • 539 просмотров

«ССКӨБ» АҚ-да жұмысшы мамандық иелерінің арасында кәсіби шеберлік байқауларын өткізіп тұру тамаша дәстүрге айналған. Бұл бір жағынан, өндірісте жүрген маманның білімін, кәсібилігі мен шамашарқын көрсетсе, екіншіден, еңбегі жанған үздіктердің үздігін ынталандыруға мүмкіндік береді.

Ал «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» екені сөзсіз. Өткен аптада кен алыбының бірнеше бөлімшелерінде экскаватор, конвейер машинистері, бұрғылаушылар сынға түскен еді. Осы аптада Жол шаруашылығы және құрылыстар цехының «ең үздік слесарь-жөндеушісі» анықталды.

Алдымен қатысушылар теорияны еске түсірді. «Қырудың дәлдігі мен сапасын немен бақылайды?», «Болат құбырларды ыстық күйде иілу кезінде қандай толтырғыш қолданылады?» және «Рейсмас дегеніміз не?». Қарапайым адам жауап беруге қиналатын бұл сұрақтарды өз ісінің білгірлері жаңғақша шақты. Практикалық кезеңде электрпневматикалық клапанды шашып, қайта жинау қажет болды. Тапсырманы жылдам әрі қателіксіз орындау – жеңіске деген бір қадам.

– Мен кәсіпорында он жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осындай конкурс-қа үш рет қатысып, үшеуінде де же-ңімпаз атанып отырмын. Әрине, теория-лық турда бір қарсыласымнан есе жіберіп алдым. Алайда практиканы ойдағыдай орындап, қайта алға шықтым, – дейді Қылышбек Шабанов.

Жарыстың қорытындысы бойынша екінші орынға Кирилл Застежко тұрақтаса, Серік Жолдасов үздік үштікті тұйықтады. Барлық жеңімпаздар үйлеріне ұмытылмас әсер, зор тәжірибемен қатар, әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы тағайындаған бағалы сыйлақтарды алып қайтты.

Айта кетейік, кен алыбындағы кәсіби шеберлік байқаулары «Жастар» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат –  жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, кадрлық резервті толықтыру.