Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

1 қаңтардан бастап не өзгереді?

27 декабря 2019 10:00 • 691 просмотров

Таяуда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетке қол қойды. Осы орайда Qamshy.kz ақпарат агенттігі 2020 жылы ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы мөлшері, айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің қанша болатынын, әлеуметтік жәрдемақы кімдерге беріліп, кімдердің жалақысына үстемақы қосылатынын анықтап көрді.

2020 жылы ең төменгі еңбекақы мөлшері (42 500 теңге) өзгеріссіз қалада. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері 16 839 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 38 636 теңге болады.   Айлық есептік көрсеткіш 2651 теңгені құраса, ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңгеге теңестірілмек.

Тышқан жылында көпбалалы отбасыларға арналған әлеуметтік көмектің жаңа түрі ұсынылады. Отбасылық табыс ескерілместен 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді.   2020 жылы атаулы әлеуметтік көмекті беру де жалғасын табады. Ескере кететіні, мемлекет аталмыш жәрдемақыны тағайындауда отбасылық табысты есептеп, осы арқылы жәрдемақыны шынайы мұқтаж азаматтардың ғана алуын қамтамасыз етпек. Бұл үшін еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады. Жұмыстан бас тартқан жағдайда, АӘК төлемі тұтас отбасы үшін тоқтатылады.

Сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға, мәдениет саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 35%-ға, кейбірінің жалақысы 50%-ға дейін, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30-60%-ға дейін артады.