Қытай Халық Республикасындағы Цзинанда Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 2019 жылдың ЮНЕСКО WenhuiAward сыйақысы табысталды. Бұл Зияткерлік мектептердің кәсіби ұжымы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттық білім беру жүйесі үшін де маңызды оқиға. NIS – білім саласындағы ЮНЕСКО сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы өкілі болды.
Диплом мен ұсынылған жобаны дамытуға арналған 20 мың доллар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шәмшидиноваға тапсырылды. WenhuiAward «Білім беру – 2030» күн тәртібін ілгерілету үшін университет пен мектеп арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. 2019 жылдың финалдық кезеңінде Австралия, Қытай, Малайзия және Шри-Ланканың үздік университеттері болған. ЮНЕСКО-ның сыйлығы сапалы білім мен өмір бойы білім алуға ықпал ететін жоғары оқу орындары мен мектептер арасындағы сәтті серіктестік үшін – балалар мен жастарды өмірге, жұмысқа және дүниежүзілік жаһандық азаматтыққа дайындаған қазақстанның инновациялық мектептеріне берілді.
Беделді марапатқа ие болу туралы қазан айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды. Құттықтау хатында Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесінің директоры Криста Пиккат атап өтті.