Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қазақстанда қалай фермер болуға болады?

13 января 2020 12:25 • 685 просмотров

1. Қызмет саласын айқындап, старт-ап оқудан өту:

Алдымен бағытты айқындап алу маңызды – қандай ауыл шаруашылығы саласында мамандану керек – агроном немесе фермер, әлде мал өсіруді бау-бақша өсірумен қатар қолданса қалай? Ал таңдау жасауға «Бастау Бизнес» бағдарламасы шеңберіндегі оқу көмектесе алады, онда қатысушы тәжірибелі бизнес-жаттықтырушының жетекшілігімен қолданыстағы бизнесті кеңейтуге және жаңасын бастау үшін барлық қажетті білімді ала алады. Ол үшін өтінімді тұрғылықты жері бойынша Еңбекпен қамту орталығына, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына, ауылдық округтер әкімшіліктеріне барып, бере алады.

2. Толық бизнес-жоспар дайындау:

Құжатта ықтимал тәуекелдер жазылуы тиіс, бизнесті дамытудың түрлі кезеңдеріне қатысты алдағы қаржылық шығындар, пайда/әлеуетті шығындар, өнімді өткізу нарығы, бәсекелестердің артықшылықтары мен кемшіліктері, т.б. Айтақшы, «Бастау Бизнес» бағдарламасының қатысушылары оқу процесі кезінде өз бетінше бизнес-жоспарлар дайындайды, кейін оны олар өз аймақтарындағы қаржы институттарына ұсына алады. Егер жобалар өмірге бейімді деп табылса, онда оларды тиімді шарттамен қаржыландырады. 

3. Фермерлік шаруашылықты тіркеу:

Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына құжаттар тізімімен және өтініммен бару қажет.

4. Жер телімін іздеу:

Ол жекеменшік ретінде де, мерзімді және мерзімсіз – жалға алу ретінде де рәсімделуі мүмкін. Бос телімдердің бар екендігі туралы ақпаратты тұрғылықты жері бойынша Жер ресурстары басқармасынан алуға болады.  

5. Инвестицияларды іздеу:

Ауыл шаруашылығын несиелеудің жеңілдік бағдарламалары шеңберінде субсидиялау: «Агробизнес», «2020 жұмыспен қамту бағдарламасы», «Бастау Бизнес» және басқалары. Ол үшін мемлекеттік және тартылған ресурстарға қолжетімділікті, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін және ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы болып табылатын «КазАгро»АҚ-на құжаттар пакетімен және өтініммен бару керек.

6. Орналасу:

Толыққанды жұмыс істеу үшін шаруашылық профиліне сәйкес ғимарат және техника қажет болады, оны «КазАгроФинанс» компаниясы арқылы лизингке рәсімдеп алуға болады, бұл компанияның негізгі мақсаты аграрлық қызметкерлерге ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарын лизингке беру арқылы отандық машинатракторлық паркіт жаңарту. Қолданыстағы лизингілік жобаларға қатысты құжаттардың толық тізімін  https://www.kazagro.kz/web/kaf/agro-tools-leasing. сілтемесі бойынша көшіріп алуға болады.

7. Жұмыскерлерді жалдау:

Бастапқы кезеңде фермерлік шаруашылықты өз бетінше немесе үй-ішімен жұмыла отырып, жүргізуге болады. Бұл отбасылық бюджет қаражатын үнемдейді, алайда, бизнес кеңейген және а/ш өнімдерінің көлемі ұлғайған жағдайда қосымша еңбек бірліктерін жалдау қажет болады. Бұл жағдайда ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер ҚР Еңбек Кодексін басшылыққа алуы және барлық жұмыс берушілерге қарастырылған ережені сақтауы тиіс.